"Ақмола облысы білім басқармасынын Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Раздольный ауылының негізгі орта мектебі"коммуналдык мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Раздольное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тіл – ел тағдыры және халықтың күре тамыры.

13.12.2017

Әр халықтың өз тілі, діні

болады. Осының ішінде тілдің атқарар ролі зор. Ол қатынас құралы ғана емес, өз халқының

тарихын қалыптастырар, болашаққа жол сілтер, салихалы ойларды қалыптастырар

маңызды дәрежеге ие-еліміздің күре тамыры деуімізге болады.

  Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері қазақ

тілінің мәртебесі бұрынғыданда биіктеп келеді. Еліміздің рәміздері осы тіл

арқылы қабылданды: Ата Заңымыз да, Ән ұранымыз да ана тіліміз - қазақ тілінде

жазылып, мемлекеттік іс-қағаздар осы тілде жүргізіліп жүр. Қазақ тілі- мемлекеттік

тіл мәртебісіне ие болып, арнайы қаулы қабылданғандығы белгілі.

   Біздің елде бірнеше ұлттар мен ұлыстар тұрады. Олар өзі өмір сүріп жатқан Қазақстанды Отаным деп бағалап, мемлекеттік тілге сый-құрметпен қарап,  бойларына, саналарына сіңіруде.

   Тіл – ел тағдыры деуіміздің себебі, ортақ

тілі жоқ мемлекет іргесі берік, шаңырағы биік ел бола алмайды. Бұл тұрғыда

қазақ тілінің алар орны ерекше. Ол еліміздегі ұлттар мен ұлыстарды бір-біріне

жақындастыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар, бүгінгі уақыт талабына сай бірнеше

тілді меңгерген де дұрыс. Ғылым мен техника қарыштап дамыған бүгінгі заманда

мектептерде үш тілдік жүйеде оқыту қолға бекер алынып отырған жоқ. Тіпті

еліміздің үлкен қалаларындағы балабақшаларында Тәуелсіздік алған жылдардан

бастап ағылшын, орыс, қазақ тілі арқылы тәрбие сағаттары мен оқулықтар

жүргізіліп келетіндігін білеміз. ХХІ ғасыр ғылым мен білімнің бәсекеге

түскендігін көрсетіп отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Жас ұрпақ

болашақ бастауы» - деп бекер айтпаса керек. Осы орайда мектеп қабырғасында оқып

жүрген жасөспірімдерге қазақ тілін менгерте отырып, халқымыздың өткен тарихы

мен салт – дәстүрін түсіндіріп бойларына ізгілік, Отаншылдық қасиеттерді

сіңіруіміз керек. Жаһандану дәуірінде ғылыми жетістіктерге жету үшін әлемдік

озық тәжірбиелерді пайдалана отырып, ағылшын, орыс тілдерін қоса оқытудың орны

ерекше. Әйтседе халқымыздың белгілі ақыны Қадыр Мызаәлі «айтқандай өзге тілдің

бәрін біл, өз тіліңді құрметте». «Өзін сыйламаған, өзгені де сыйламайды» -деген

нақыл сөз бар. Жас ұрпақтарымыздың саналарына шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді

сіңіре білсек, олар қазақ тілінің бай тіл екендігін білер еді.

Просмотров: 463


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст